22 апр 2026
СЕМИНАРЛАР, Конференциялар

АУЫЛ МҰҒАЛІМДЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА «SMART КИІЗ ҮЙ» ЖОБАСЫН ҚОРҒАДЫ

2025 жылғы 23 желтоқсан күні Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «АУЫЛ МЕКТЕБІ – САПА АЛАҢЫ: ИДЕЯДАН НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН» атты республикалық семинар өтті.

Ауқымды шарада Жиделі орта мектебінің педагогтері Коктыбаев Кайнар Абилович және Нурбаева Аяулым Бакытовна пәнаралық байланысқа құрылған «Киіз үй – қазақтың смарт үйі» атты бірегей STEAM-жобасын көпшілік назарына ұсынды.

Жоба авторлары тарих, физика және информатика пәндерін кіріктіре отырып, ұлттық құндылық пен заманауи технологияны сәтті ұштастырған:

Тарих: 3000 жылдық тарихы бар киіз үйдің философиясы мен құрылымы зерттелген.

Физика: Киіздің қасиеттерін (жылу сақтағыш, дыбыс жұтқыш) қазіргі «Кевлар» материалымен салыстырып, оның эко-тиімділігін дәлелдеген.

Информатика: Arduino платформасы арқылы киіз үй «Ақылды үй» жүйесіне бейімделген. Ежелгі «сықырлауық» есік заманауи музыкалық сенсорлы есікке алмастырылған.

Бұл жұмыс – оқушыларға ата-баба мұрасының даналығын ғылым тілімен түсіндірудің және ұлттық кодты жаңғыртудың үздік үлгісі.

Әріптестерімізді сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

Новости
Полезные информационные ресурсы