Жиделі орта мектебінде 5-11 сынып оқушыларынан мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында "Еркін елдің ұрпағы" тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант алынды. Диктантқа 140 оқушы қатысты. Мақсаты:Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазудағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.