23 Сәу 2026
Жаналықтар

Айгөлек ән, би байқауы-2026

Мектебімізде «Айгөлек» ән-би байқауы өтті. Байқаудың мақсаты –оқушылардың бойындағы өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру, жас таланттарды анықтап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар, ән айту мен би өнері арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, сахна мәдениетін жетілдіру және ұлттық өнерді дәріптеу болып табылады. Байқау жас ұрпақты сұлулықты сезіне білуге, өнерді құрметтеуге, өз қабілетін еркін көрсетуге тәрбиелейді. Байқау соңында өнер көрсеткен барлық қатысушылардың еңбегі бағаланып, арнайы дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушы: Туякбаева Г.А.

Пайдалы ақпараттық ресурстар